КАБИНЕТТЕР МЕН ТОПТАРДАҒЫ ЖИҺАЗДЫҢ КЕҢІСТІГІ МЕН ЭРГОНОМИКАСЫНА ТАЛДАУ
Дамытушы ортаның бірі -аула
ЖИҺАЗДЫҢ КЕҢІСТІГІ МЕН ЭРГОНОМИКАСЫНА ТАЛДАУ
ПСИХОЛОГ КАБИНЕТІ
Бөбекжайда психолог кабинеті жүйелі жұмыс жасап тұр.
Кабинетте балалардың жан-жақты дамуына, жеке тұлға қалыптастыруға арналған материалдар жеткілікті. Оқу іс-әректтері белсенді ынталандыруды релаксациямен ауыстыра отырып, ойын түрінде өтеді. Психолог кабинеті түрлі түсті жарықтар шашатын сенсорлық шармен, денсаулық жолдарымен, дыбыстық жабдықтармен жабдықталған.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық, эмоционалды және интеллектуалдық дамуына тікелей әсер ететін құрал жабдықтар бар.
Жиһаздың кеңістігі және эргономикасы міндеттері:
• жайлылықты, қауіпсіздікті, тиімділікті қамтамасыз ету;
• физикалық ауыртпалықтарды, ыңғайсыздықты, қауіпті жағдайларды жою;
• құрал-жабдықтарды, жұмыс процесі мен шарттарын жақсарту.
Бөбекжай жоспарына сай жеке маман ретінде психолог ата-аналарға ашық есік күндерін ұйымдастырып отырады.
Табиғаттағы тыныс тірішілік
Табиғат адамзаттың, жалпы тірішілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Адам бар жоғы бір-екі минуттай ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «ауадай қажет» деген сөз бар. Сонымен қатар «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп бекер айтпаған. Баланың жүрегіне туған жеріне деген сүйіспеншілікті дұрыс жеткізу, өз еліне деген махаббатын ояту, қамқор болуға үйрету ол біздің міндетіміз.
Бөбекжайымызда аулалардағы жасыл желектерге, жеміс ағаштарына, талдарға қамқорлық жасау, уақытында суару, күтіп баптау сияқты жұмыстар жүргізіліп отырады. Ауламызда жеміс ағаштарынан: өрік, айва, алма, алмұрт отырғызылған. Сонымен қатар раушан, итмұрын, намазгүл, қоңыраугүл гүлдері отырғызылды.
ҰЖЫМДАҒЫ БІРЛЕСКЕН СЕНБІЛІК!
Ағымдағы жылдың сәуір айында бөбекжай ауласын көгалдандыру, абаттандыру, тазалықты сақтау мақсатында сенбілік өтті.Сенбілікке бүкіл ұжым қызметкерлері қатысты. Бөбекжай ауласындағы талдар мен бұталардың түбін қопсыту, тазалау, спорттық алаңды сырлау жұмыстары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей бірлесе атқарылды. Ұжымдағы барлық қызметкерлерге алғыс айтамыз!