Балбулак

М.Монтессори кабинетінің жұмысы туралы

№46 «Балбұлақ бөбекжайында Монтессори кабинеті баланың өзінің еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына жұмыс жасайды. Орталықтағы  Монтессори кабинеті 5 аймаққа бөлінген, бұл аймақтар бала үшін арнайы дайындалған орта болып есептеледі. Монтессори әдісінің мақсаты: балаларды еркін тәрбиелеп,өмірге бейімдеу.

Монтессори кабинетінің  бес аймаққа бөлінуі:

1) Сенсорлық аймақ;

2) Математикалық аймақ;

3) Күнделікті өмір жаттығулары аймағы;

4) Тілдік аймақ;

5) Шығармашылық даму аймағы, қоршаған орта аймағы;

Осылайша арнайы аймақтарға бөлу арқылы балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеп, өмірде өз мақсаты бар екені жайында түсінігін қалыптастыру, өзін дамытуға жаңа мүмкіндік беруге болады. Аталған аймақтар бойынша М.Монтессори кабинетінің тәрбиешісі Шабалдас Е.Ю. жұмыс жоспарына сәйкес балалармен жұмыс жасауда. Монтессори кабинеті баланы жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 

Кабинет жетекшісі Шабалдас Елена Юрьевна біліктілігін жетілдіріп, осы бағытта байқауларға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

  • 2021 жылы 7 сәуір күні қалалық «Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарлама» атты сырттай байқауында Шабалдас Е.Ю. «Педагогическая система М.Монтессори в образовательной деятельности дошкольников» бағдарламасын ұсынып, 1 орын иеленді.
  • 2021 жылы 24 қарашада Шабалдас Е.Ю. жетекшілігімен «Мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды дамуы және әлеуметтенуі» тақырыбындағы қалалық семинарда 4 жастағы балалармен М.Монтессори әдістемесі бойынша кіріктірілген оқу қызметі ұйымдастырылды.
  • 2022 жылдың 18 мамырында «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырумен өткен «Развитие игровой компетентности педагога дошкольной организации» курсында Шабалдас Е.Ю. «Педагогическая система М.Монтессори» атты шебер сынып ұйымдастырды.
  • 2022 жылдың 16 қарашасында Ақтау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Халық шығармашылығы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы» тақырыбындағы қалалық семинарда «Использование технологии Монтессори в народном творчестве» тақырыбында педагогтерге арналған тренинг ұйымдастырды.
  • 2023 жылы «Сотрудничсество детского сада и семьи в работе детской дошкольной организации» атты облыстық семинарында «Наши родители – наставники» 3 және 4 жастағы балалармен және олардың ата-аналарының қатысуымен жеке оқу іс-әрекетін ұсынды.
  • 2024 жыл, ақпанның 21 жұлдызында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің  озық іс-тәжірибелерімен бөлісе  отырып,  біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау,  тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы  тәрбие мен білім беру  мақсатында «Мектеп  дейінгі  білім беру ұйымында тәрбиеленушілердің ойын құзіреттілігін дамыта отырып әлеуметтік белсенділіктерін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда Шабалдас Елена Юрьевна,  балалар және ата-аналардың қатысуымен жеке оқу іс-әрекетін ұсынды.

«BabySkills» жобасы

Бөбекжайымызда  балалардың кәсіби қызметі туралы түсініктерін байыту және нақтылау, балаларда еңбек процесінің құрылымы туралы жалпылама түсінік қалыптастыру, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру, ересектердің еңбегіне және оның нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, әр мамандықтың маңыздылығын мен қажеттілігін түсінуге көмектесу мақсатында 2021,2022, 2023 және 2024 жылы Халықаралық «WorldSkills Aktau» қозғалысы аясында өткен «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық  «BabySkills» жобалары өтті. Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының жоспарына сәйкес, Маңғыстау Туризм колледжі, М.Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау  педагогикалық гуманитарлық колледжі және  АТКС  колледждерімен  бірлесе отырып атқарылған  жұмыстың нәтижесінде «Наубайшы ісі», «Кондитерлік іс», «Визуальды  мерчендайзинг және витринистика», «Киім үлгілеу», «Шаштараз өнері», «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттіліктері  бойынша балаларымыз өз өнерін көрсетті. Жыл сайын 3 ай мерзімде   «Білім беру», «Өзін-өзі таныстыру» және «Аспаптық» модульдері бойынша Маңғыстау туризм колледжі №46«Балбұлақ»  бөбекжайымен бірлесе «WorldSkills Aktau» қозғалысы негізінде «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің «BabySkills» жобасы аясында  аталған құзыреттіліктер бойынша  жоспарға сәйкес колледждің өндіріс шеберлері құзыреттіліктер бойынша шебер сынып жүргізді. Сонымен қатар колледж басшысының өндірістік ісі жөнінде орынбасарлары №46«Балбұлақ» балабақшасының  тәрбиешілеріне «WorldSkills» чемпионатының өткізілуімен бағалауына арналған оқыту семинарын ұйымдастырып балабақша педагогтеріне сертификаттар табыстап, бағыт бағдар беріп отырды. «BabySkills» жобасына қатысушы балаларды құралдармен таныстырып, ақпараттық бейне ролик көрсетіп,  «Мен мамандығымның суретін саламын» тақырыбында сурет салдырып, мастикамен жұмыс жүргізіп отырды. Аталған колледж мамандары балабақшамен тығыз қарым –қатынаста «WorldSkills Aktau » қозғалысы аясында өткен «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің  «BabySkills» жобасы бойынша «Наубайшы ісі», «Кондитерлік іс», «Визуальды  мерчендайзинг және витринистика», «Киім үлгілеу», «Шаштараз өнері», «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттіліктерінің конкурстық тапсырмалары екі жақты жоспар бойынша жұмыс жүргізіп отырды.

Қатысушылар алған дағдыларын «BabySkills»   ойын чемпионатында  қолдана отырып, шеберліктерін көрсеткен  балалар Маңғыстау  облысының білім басқармасы және Қазақстан Республикасының білім беру  саласындағы қызметкерлерінің Маңғыстау облысы  бойынша бастауыш кәсіподағының  дипломы мен «Үздік маман» медальонымен марапатталды. Сонымен қатар 2023, 2024 жылдары жеңімпаздарға ойыншықтар сыйға тарту етіліп, RIXOS WaterWorld Aktau-өкілі балаларға демалыс паркіне  сертификат табыстады.    

«Үздік тәжірибе: WorldSkills стандартына негізделген «BabySkills», «DalaSkills» жобалары» Республикалық семинар-практикумында бөбекжай әдіскері А.Р.Кобланова «BabySkills» жобасы бойынша мектепке дейінгі мекеменің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

2022  жылы Халықаралық «WorldSkills Aktau» қозғалысы аясында өткен «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық жабылу кезеңінде облыс әкімі  Н.А .Ноғаевпен  кездесу өтті.

«LEGO» құрастыру технологиясы

№46 «Балбұлақ» бөбекжайында «LEGO» құрастыру технологиясының элементтерін  ойын, оқу іс-әрекеттерінде қолданып, мектеп жасына дейінгі  балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында бөбекжайымыздан кабинет жасақталуда. Сонымен қатар қазіргі таңда № 3, 7 ересек топтарының тәрбиешілері А.Т.Имангалиева және Т.А.Омельницкая шығармашылық топпен бірге «Бөбекжайдағы «LEGO» құрастыру технологиясының жұмыс бағдарламасы» -ның құрлымын жасақтады.

   Бағдарламаның басты мақсаты-мектепте одан әрі жақсы оқу үшін қажетті лего-құрастыру құралдары бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту.

Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер маңызды:

— мектеп жасына дейінгі балалардың модельдеу мен құрастыруға деген қызығушылығын дамыту, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ынталандыру;

— әр түрлі жағдайларда оңтайлы шешімдер қабылдауда шығармашылық белсенділікті, дербестікті дамыту;

— балалардың психофизикалық қасиеттерін дамыту: есте сақтау, зейін, қиял, логикалық және аналитикалық ойлау, ұсақ моторика;

-әлеуметтік-еңбек құзыреттілігін дамыту: еңбекқорлық, дербестік, басталған істі соңына дейін жеткізе білу.

— жобалау дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру  («LEGO» құрастыру бөлшектерін білу; схемалар бойынша жұмыс істеу және жеңіл ғимараттар салу; шығармашылық дизайн бойынша, үлгі бойынша, нұсқаулық бойынша ғимараттар салу), конструкторлық мәселелерді шешуде алғашқы тәжірибе алу.

— балаларда қарым-қатынас дағдыларын және ауызша сөйлеуді қалыптастыру: пікірталасқа түсу, өз көзқарасын қорғау қабілеті; ұжымда, командада, шағын топта (жұптаса)жұмыс істей білу;

— жауапкершілікті, жоғары мәдениетті, тәртіпті, коммуникативтік қабілеттерді тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің  ұзақтығы балалардың жасына байланысты анықталады:

— орта топта 20 минуттан аспайды (4-5 жастағы балалар)

— ересек топта 25 минуттан аспайды (5-6 жастағы балалар)

Жыл ішінде бағдарламалық тапсырмаларды игеруге 36 сағат (аптасына бір рет) бөлінеді.

Сондай-ақ, бағдарлама білім беру қызметінің басқа түрлерінде және режимдік сәттерде «LEGO» -құрастыру элементтерін қолдана отырып, дидактикалық ойындарды қолдануды көздейді.

Фитбол гимнастика және стречинг

Бөбекжайда дене тәрбиесі оқу іс-әрекеттерінің жүйесі әзірленді, ол фитбол гимнастика жиынтығын қамтиды. Бұл дұрыс дене бітімін және ептілікті дамытуға бағытталған гимнастика.

Доппен жаттығулар арқа және іш бұлшық еттерін нығайтады,  дене бітімінің дамуына ықпал етеді, сонымен қатар ептілік сияқты физикалық қасиеттерді дамытудың тамаша құралы болып табылады.

Фитбол гимнастикасы бойынша  дене тәрбиесі жетекшісі Ахмедьянова Анжела Ивановна мен бірге №7  (қазіргі таңда ересек тобы)  топ тәрбиеленушілерімен,  тәрбиешісі Айгүл Туребайқызы Иманғалиевамен жұмыс  жасап келеді.

    Фитбол гимнастикасы бойынша дене жаттығуларының кешендері балалардың жас ерекшеліктерін, олардың қозғалыс тәжірибесін және қозғалыс дағдыларының даму деңгейін ескере отырып әзірленді.

Жаттығуларды бірте-бірте дұрыс дамыту үшін,балаларды кезең-кезеңімен оқытуды ұйымдастыру  яғни бастапқы жеңіл элементтерінен басту қажет. 

1-ші және 2-ші кезеңде қарапайым жаттығулар, 3-ші және 4-ші кезеңде күрделі үйлестіру тапсырмаларына көшеді.

         Эксперименттік жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы болу үшін ұзақ мерзімді жоспарлау әзірленді.

Біз жаттығуларды кешенді түрде енгіздік:

  • фитбол-гимнастикада балалардың әртүрлі бастапқы позицияларын қолдану;
  • қозғалыс жылдамдығы мен қарқынының өзгеруімен;
  • жаттығуларды орындаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану;
  • жұпта және топта үйлесімді қимылдарды қолдану (бірге, топта, қол ұстасу, отыру және тұру, бұрылыстарды орындау, иілу, секіру).

Фитбол гимнастикасының тиімділігі оқыту әдістері мен тәсілдерін дұрыс  таңдауға байланысты.

      Әр оқу іс-әрекетінде  жағымды эмоционалды, қуанышты көңіл-күй  сыйлайды. Жағымды көңіл-күй тудыратын тиімді құралдардың бірі – музыка. Сонымен қатар, жаттығуларды дұрыс орындауы мен эстетикасына мән беріледі. Қазіргі таңда жұмыс өте жақсы жолға қойылған.

Прокрутить вверх