Қаңтар айының 24-і күні №46 «Балбұлақ» бөбекжайның педагог-психологы Жания Бекболатқызы ата-аналарға «Ата-ана-бала-бөбекжай» тақырыбында тренинг жүргізді. Бұл тренингтің мақсаты: ата-аналармен өзара қарым-қатынас жақсарту, баламен үйде жылы ахуал орнату үлгілерімен бөлісу. Сондай-ақ бөбекжайішілік шараларға ат салысуға шақыру болып табылады.
Тренинг барысында ата-аналар ағаш бөліктерін таңдау арқылы, олардың маңыздылығын, таңдау себебін түсіндірді. Мәселен ата-ана тамыры болса, діңгегі тәрбиеші, ал жапырағы – бала. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағаш жемісін беретіні белгілі. Сәйкесінше үштік арасындағы қарым-қатынастың берік болуына көзделген тренинг, құндылықтарға негізделіп қорытындыланды.






