Бөбекжайымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арнап «Менің елім- Қазақстаным!» тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуальды ойын түрінде шара ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастырып өткізгендер: ән-саз жетекшісі Корнеева О.Г. және мектепалды даярлық топ тәрбиешілері. Ән-саз залында балалар Отан, туған жер туралы ән салып, өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып жарысып, еліміздің рәміздері жайында айтып өтті. Елдің татулығы, бірлігі жайында әңгімеленді. Мереке соңында балаларға тәттілер таратылды.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы да мәңгі болсын! Балалардың балалық шағы бақытты да, қуанышты болсын!










