Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін қала әкімі Ұ.Тналиев бөбекжай директоры Оразова Амангуль Джубатовна мен Литау Виктория Александровнаны «Ақтау қаласына 60 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Сонымен қатар, 25 — қазан Қазақстан Республикасы күніне орай Білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін, Маңғыстау облысының Білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бөбекжайымыздың ән- саз жетекшісі Корнеева Ольга Григорьевнаны «Құрмет грамотасымен», дене тәрбиесі нұсқаушысы Ахмедьянова Анжела Ивановнаны және тәрбиеші Магомедова Светлана Николаевнаны » Алғыс хатпен» марапаттады. Марапаттарыңыз құтты болсын! Әрқашан биіктерден көрініңіздер! Құттықтаймыз!






