30-қазан күні бөбекжайымызда балаларға арнап облыстық қуыршақ театрының әртістері «Дос болайық» атты қойылым қойды. Балалар жақсы көңіл күймен қарсы алып, әрбір кейіпкердің шеберлігінің арқасында үлкен қызығушылықпен тамашалады. Қойылым арасында әртістермен бірге балалардың көңіл күйлерін көтеретін жаттығулар мен биге де уақыт бөлінді.Балаларға жақсы көңіл күй сыйлай білген облыстық қуыршақ театрының ұжымына алғыс айтамыз.



