Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау мақсатында бөбекжайымызда 19- 29 қыркүйек аралығында «Келіңіз танысайық!» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Тәрбиешілер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеріп, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды екенін ата-аналарға түсіндіріп отырды,.
Aта-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру үшін ата-аналар жиналыстарының жаңа форматының келесі түрлерін таңдау ұсынылады:
— тренингтер;
— семинарлар;
— ата-аналар конференциясы;
— ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары;
— пікірталастар;
Жиналыс барлық топтарда өткізіліп, ата-аналармен сауалнамалар, тренинг ойындар, шебер-сыныптар өткізілді.
Нәтижесінде :
1) ата-аналарға білім беру процесінің қатысушылары болуға мүмкіндік беріледі;
2) ата-аналар үйде баланың толық дамуына жағдай жасау үшін консультациялық көмек алады.
Сонымен қатар:
баланың көңіл-күйі
баланың шаршамауы
баланың балабақшаға бару ниетінің болуы
педагог пен балалар арасындағы өзара әрекет
балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-аналардың қалаулары мен ұсыныстары; жайында пікір алмасу және кері байланыс жүргізілді.






