2025 жыл 04 -маусым күні «№46 «Балбұлақ» бөбекжай базасында Мобильді топ қызметінің жұмыс жоспарына сай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелермен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында «Педагогтармен ұйымдастырылатын іс-шаралардың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық мобильді топтың ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарда «Ауылым алтын бесігім» оқу іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы педагогтері-Акоразова Эльмира Сембаевна, Каракаева Айгерим Койшибаевна, Ерханова Балымжан Ерхановна, №42 «Түймедақ» бөбекжайы педагогы –Калимолдаева Шолпан Болатқызы; «Ақылды ойыншықтар елінде» оқу іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы педагогтері — Елеусизова Саида Казихановна, Құрманғазина Гүлшат Құрманғазықызы, Бисенгалиева Шаттық Урынбасаровна №33 «Әлия» бөбекжайы педагогы Ерғазиева Ғазиза Шакиргановна; «Морской путешествие» (фитбол-гимнастика және стретчинг ойын элементтерімен ) дене тәрбиесі оқу іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы дене тәрбиесі нұсқаушылары: Ахмедьянова Анжела Ивановна, Рақметов Нұрбек Бисенбекұлы, тәрбиеші-Джунелбекова Айгерім Есенкосовналар өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Семинардың қорытындылау кезеңінде қатысушылар пікір алмасты.





