Балбулак

2025 жылдың 1-25 сәуір аралығында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының

2025 жылдың 1-25 сәуір аралығында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалы, Ұлы Отан соғысы туралы ұрпақ жадында сақтау, флешмобқа қатысушыларға шығармашылық арқылы Ұлы Отан соғысына деген көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, бастамашылық пен шығармашылық қабілеттерін дамыту, отансүйгіштікке, мұғалімдердің, балалардың және ата-аналардың бірлескен іс-әрекетін насихаттау мақсатында жалпы білім береу ұйымдары және мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ерлік ұмытылмайды! Мәңгілік тағзым!» атты қалалық Флешмоб байқауы өтті. Бұл байқауда қалалық деңгейде мектепке дейінгі ұйымдар арасынан қазылар алқасының шешімі бойынша  №46 «Балбұлақ» бөбекжайы» ұжымы І -орынға ие болып, дипломмен марапатталды және 100 мың теңге сертификат табысталды. Сонымен қатар №46 «Балбұлақ» бөбекжайы  облыстық кезеңге жолдама алып, облыстан Алғыс хат және 50 мың теңге сертификатқа ие болды. Ұжымға шығармашылық шың, толағай табыс тілейміз!

Прокрутить вверх