Балбулак

Кеңес: «Баланың бөбекжайға бейімделуі»

2023жылдың 2- ші қазанында №46 «Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері Кобланова Алима Реджепқызы «Баланың бөбекжайға бейімделуі» тақырыбында ата-аналарға кеңес жүргізді. Бұл кеңеске Каракаева Т.Б, Омельницкая Е.А, Айтбаева Р.С, Байнекеев И.И (4 ата-ана) қатысты.

Көптеген балалар балабақшаға 2 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу, таныс адамдармен, ойыншығымен қалысып келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал басқалары үшін үлкен күйзеліске түсетіні жайында айтып өтті. Мінез құлқындағы өзгеріс, денсаулығындағы кедергілермен көңіл күйінің болмауы одан әрі күйбеленшілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады. Кез келген балаға алғашқы рет балабақшаға бару — үлкен күйзеліс. Бұған дайын баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында күйзеліске ұшырайды: әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-ананың жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы сияқты бала өзін жаңа ортада жайсыз сезінуі жайында және оған қандай көмек көрсетілуі қажеттілігін  Алима Реджепқызы  түсіндіріп  айтты.

2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз екенін, бөгде адамдардан қорқатын да балалар кездесетінін атап айтты. .Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі — үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырылып отыратындықтан, бала ортаға тез бейімделеді.

Ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтары қойылды,  барлығына әдіскер Алима Реджепқызы толық жауап берді.

Прокрутить вверх