5-ақпан күні отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау; болашақ ұрпақты тәрбиелеуде аналарға әлеуметтік қолдау көрсету, аналарды белсенді түрде бөбекжай өміріне қатыстырып, байланысын нығайту, аналарға кез келген шығармашылық-білім бастамаларында қолдау көрсету мақсатында бөбекжайымызда аналардың қатысуымен №10 «Тұлпар» ересектер тобында қыз балалармен бірге «Аналардың көмекшілері» тақырыбында шара өтті. Бұл шарада аналар балаларға кондитерлік өнімнің жасалу жолын көрсетіп, қыз балаларға өздері жасауға да мүмкіндік берді. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысты. Атсалысып белсене қатысқан Эсеналиева Халисат және Утешова Рысгүл аналарымызға алғыс айтамыз.


