24 қаңтар 2025 жылы бөбекжайымызда «Педагогикалық әдеп» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
-«Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» презентация
( Кобланова А.Р.)
-Аралық І жарты жылдық мониторинг
-Түлектердің жарты жылдық үлгерім көрсеткіші бойынша
(тәрбиешілер: Таменова С.Ж., Зварцева Е.Д., Каракаева А.К., Уралбаева Т.Б.).
Педагогикалық әдеп –тәрбиеші әрбір нақты жағдайда балаларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке балалар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болатынын айта келе, әдепті әр педагог өзінен бастаған жөн деп атап өтті.
Аралық І жарты жылдық мониторинг бойынша, Алима Реджеповна бөбекжайымыз байқаулар, семинарлар, вебинарлар және форумға қатысып, жүлделі орындарға ие болғаны жайында, сонымен қатар өткізілген шараларға оң баға беріп кетті.
Мектепалды даярлық № 9,2,10 және №11 топ тәрбиешілері Таменова С.Ж., Каракаева А.К., Уралбаева Т.Б. және Е.Д.Зварцева тыңдалды.
Түлектердің 1 жартыжылдықтағы мектептегі үлгерімі қорытындысы бойынша 2024 жылы балаларын мектепке шығарып салған тәрбиешілер балаларының байқауларға, мектепішілік байқауларға қатысып жүлделі орын иеленген түлектер жайында айтып өтті. Бұл топтардың барлығыныңда тәрбиешілері мектептегі өз түлектерінің мұғалімдерімен тығыз байланыста.





