Балбулак

Қазақ тілі мұғалімі Елеусизова  Саида Казихановна  желтоқсан айының 20 -жұлдызында «Ертегі терапиясының маңызды аспектілері»

Қазақ тілі мұғалімі Елеусизова  Саида Казихановна  желтоқсан айының 20 -жұлдызында «Ертегі терапиясының маңызды аспектілері» тақырыбында консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сай ата-аналармен бірге тренинг өткізді. Тренинг барысында бірлесе ертегілерді айту жолдары, қалай сахналау және жас ерекшелігін ескере отырып сахналастыру немесе  ойнату қажеттілігін көрсетіп өтті. Ойдан ертегі құрастыру бөлімі ерекше қызықты өтті. Айналадағы кез келген дүниені ойластыра отырып ертегі құрау қызу талқыға түсіп, өте қызықты ертегі туындыларын ойластырған ата-аналарға алғыс білдірді. Бала өміріндегі ертегі терапиясының маңыздылығын ашып көрсеткен Саида Казихановнаға алғыс білдіреміз!

Прокрутить вверх