2024 жылы, 22 қараша күні консультациялық пункт жоспары бойынша ата-аналармен «Балаңыз туралы не білесіз?» тақырыбында бөбекжай әдіскері Сейталиева Гульзифа Кенжибаевна викторина- ойын өткізді. Викторина барысында ертегілердің балаларға қандай әсері бар, әр баланың нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай шығармаларды ұнататынын байқап білу мақсатында ата-аналарды қатыстыра отырып, шығармашылық ойындар өткізді. Викторина өте қызықты ұйымдастырылды. Себебі ата-аналардың кейбірі тіпті сахналық қойылым барысында қиналып, өздері сұраққа жауап іздеп отырды. Балаларға берілетін көмекті қажет еткен ата-аналардың өздері жеке сұрақтарына жауап алды. Гульзифа Кенжибаевнаға рақметін айтқан ата-аналар, бөбекжай жұмысына жақсы лебіздерін білдірді.

