2024 жылдың 20-30 желтоқсаны аралығында бөбекжайымызда «Сәлем жаңа жыл» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Жаңа жылдық сценарий өте қызықты, әзілдермен, ойын, әсем әндер және билерге бай. Ән-саз жетекшісі: Корнеева Ольга Григорьевна және топ тәрбиешілеріне мерекені жақсы ұйымдастырып, өткізгендеріне үлкен рақмет. Аяз ата рөлін сомдаған ата-ана мен тәрбиешілер: Мөлдір Қарағұлқызы, Эльмира Сембаевна, Ақшақар рөлін сомдағандар: Ахмедьянова Анжела Ивановна, Жансая Амангелдіқызы, Гульзифа Кенжибаевна, Алима Реджеповна; Ертегі кейіпкерлерін сомдағандар: Светлана Урынбасаровна, Айгерім Койшыбаевна, Айгүл Туребаевна, Гүлшат Курмангазина,Елеусизова С.К., және тағы да басқа бөбекжай қызметкерлері белсене қатысты. Керемет көңіл күй сыйлағандары үшін рақмет! Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жыл жақсы жаңалықтарымен келсін!





