22 қараша 2024 жылы бөбекжайымызда физикалық жағынан сау, интеллектуалды, әлеуметтік және эмоционалды дамыған, негізгі құзыреттіліктерге ие, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген жеке мәдениеті бар, мектепке дайын баланы тәрбиелеу мақсатында «Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс барысында инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
1.Кеңес«Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процессіндегі инновациялық технологиялар» (практикалық көрсету арқылы –
Имангалиева А.Т.)
2. Ойын-тренинг: «Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда заманауи технологиялардың маңызы» (Акоразова Э.С.)
3. Шебер сынып «Baby Skills» жобасының бала тәрбиесіндегі ролі» (Каракаева А.К.) тақырыптарында практика жүзінде өткізілу формаларын көрсетті.







