Балбулак

Жол картасы бойынша «Барлығына  қолжетімді сапалы  білім» Ұлттық баяндамасын  жүзеге  асыру және

Жол картасы бойынша «Барлығына  қолжетімді сапалы  білім» Ұлттық баяндамасын  жүзеге  асыру және «Бір тұтас тәрбие»  бағдарламасы аясында бөбекжайымызда “Звездочки” тобының жанынан құрылған аналар мектебі өз жұмысын бастады. Тәрбиешісі Айгүл Төребайқызы мен қазақ тілі маманы Саида Қазиханқызы “Оюлар — біздің сәніміз” атты шебер-сынып ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға, келешек ұрпаққа кеңінен дәріптеуге бағытталған. Аналарымыз жоғары қызығушылық танытып, алдағы уақытта жоспарланған кештерге белсене ат салысатындықтарын жеткізді.

Прокрутить вверх