Балбулак

1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз! Бөбекжайымыздың ардагерлері  бөбекжайдың қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайықты.

Талай  бүлдіршіндерді тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер.

Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.

Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз!  Мерекелеріңіз құтты болсын!

Прокрутить вверх