Балбулак

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде №7 МАД тобының тәрбиешісі Имангалиева А.Т. ұйымдастыруымен  «Бағдаршам және мен» тақырыбында шара өтті.

Бұл шарада балаларға жол ережесін түсіндіре отырып, жолдан қалай  және қай жерден өту керек екенін, қауіпсіздікті сақтау жолдарын түсіндірді. Шараға балалар үлкен қызығушылықпен қатысты. Ойындар ойнатылды, жол полициясын сомдады. Тәрбиеші іс шараға өз қолымен жасалған атрибуттарды пайдаланды. Шара өте жақсы деңгейде өтті.

№2,10,12 ересектер тобында  «Бағдаршам және мен!» тақырыбында  іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты  балалардың жол қозғалысы ережелері, қауіпсіздік сақтаудың маңыздылығы туралы білімдерін ойын түрінде жүйелеу. Өткізген тәрбиешілері  Эльмира Сембаевна, Айгерім Койшыбаевна, Нурия Кожабаевна.

Сонымен қатар балалардың жол қозғалысы ережелері, бағдаршамдар  туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында  №13 «Күншуақ» тобында «Бағдаршам және мен!» тақырыбында  тәрбиеші Ерханова Балымжан ойын-сауық ұйымдастырды.

Прокрутить вверх