Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы — ата-ана. «Балапан ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі» — демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды , болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда бөбекжайдың ең басты одақтасы бола алады. Осы бағытта бөбекжай әдіскері Кобланова Алима Реджеповна консультациялық пункт жоспарына сай «Бөбекжай өмірінен бірер сөз» тақырыбында сұхбат жүргізіп, түрлі жағдаяттар өткізді.
Бөбекжаймен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты екенін түсіндіріп өтті.


