Бөбекжайымызда 12 топ тәрбиелененушілерімен «Әжемнің әңгімесі» кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара ұйымдастырушылары топ тәрбиешісі Ерханова Б.Е., жоба жетекшісі Елеусизова С.К. болды. Шара барысында Нұржамал және Дәметкен әжелеріміз ертегілерін айтып, ғибратты әңгімелерімен бөлісті. Тәрбиеленушілеріміз тақпақтары мен әндерін жолдап, қонақтарымыздың батасын алды.






