«1-Мамырдың -достық күні»
Ән салып, билеген халықтың үні
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі!
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне арналған өте жақсы деңгейде тақырыптық шара өтті. Шараға барлық топ тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырушы педагогтерге үлкен алғыс! Мереке құтты болсын!
«8- Наурыз аналар мерекесі»
2024 жылы 1-7 наурыз аралығында «46 «Балбұлақ» бөбекжайында балаларға жақсы көңіл күй сыйлау, әр адамның өмірінде ерекше орны бар отбасының ұйытқысы және отбасылық дәстүрлерді дәріптейтін ананың бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, ананы құрметтеу, қадірлеу және отбасының жылуы ананың аялы алақаны екенін түсіндіру, ананы Отан –ана деп атаудың мағынасын түсіндіре отырып, Отан сүйгіштікке, патриот болуға тәрбиелеу, мақсатында «8- Наурыз аналар мерекесі» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар аналарына, әжелеріне арнап ойындар, әндер, билер және тақпақтар орындады. «Анамыздың көмекшілеріміз», «Кім шапшаң», «Өз балаңды таны» сияқты қызықты ойындар мен қоса «Әжелер» атты сахналық көріністерде аналардың көңілін көтерді. Барлық балалармен қоса ата-аналар ойындарға, сахналық қойлымдарға белсене қатысып отырды, ал қонақтармен балалар сүйсіне қол соғып қошеметтеп отырды. Мереке соңында топ тәрбиешілер мерекелік шараны аяқтай отырып, қонақтар мен аналарды мерекелерімен құттықтап, балалардың қолымен жасалған аналарына сыйлықтарын табыстады.
«BabySkills» жобасы
2024 жылдың 28-ақпаны күні, №46 «Балбұлақ» бөбекжайында , баланың оң эмоционалдық қарым-қатынасын қалыптастыру, мамандық таңдауға мүмкіндік беру, өз күшін пайдалануға қол жетімді қызмет түрлері мен оң тәжірибе алуға, табысты кәсіби қызмет иесі болуға жол сілтеу және балалардың кәсіби қызметі туралы түсініктерін байыту және нақтылау, балаларда еңбек процесінің құрылымы туралы жалпылама түсінік қалыптастыру, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру,ересектердің еңбегіне және оның нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, әр мамандықтың маңыздылығын мен қажеттілігін түсінуге көмектесу мақсатында Халықаралық «WorldSkills Aktau -2024» қозғалысы аясында өтетін «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасы өтті. Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының жоспарына сәйкес Маңғыстау Туризм колледжі мен бірлесе отырып атқарылған жұмыстың нәтижесінде «Кондитерлік іс» құзіреттілігі бойынша балаларымыз өз өнерін көрсетті. Ай бойы «Білім беру», «Өзін-өзі таныстыру» және «Аспаптық» модульдерінде алған дағдыларын «BabySkills» ойын чемпионатында қолдана отырып, шеберліктерін көрсеткен балалар Маңғыстау Туризм колледжінің дипломы мен және «Үздік маман» медальонымен марапатталды. Балаларға ойыншықтар сыйға тарту етілді. Сонымен қатар RIXOS WaterWorld Aktau-өкілі балаларға демалыс паркіне сертификат табыстады.
«Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар»
2023 жылдың 22-29 желтоқсаны аралығында бөбекжайымызда «Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Жаңа жылдық сценарий өте қызықты, әзілдермен, ойын, әсем әндер және билерге бай. Әсіресе Аяз атамен бірге ойындар қызықты өтті.Сыйқыршының көрсеткен фокустары балалармен қоса ата-аналардыңда көңілін көтерді. Ән-саз жетекшісі: Корнеева Ольга Григорьевна және би жетекшісі Литау Виктория Александровна, сонымен қатар топ тәрбиешілеріне, мерекені жақсы ұйымдастырып, өткізгендеріне алғыс айтылды. Аяз ата рөлін сомдаған ата-ана мен тәрбиешілер: Магомедова С.Н., Ақшақар рөлін сомдағандар: Литау В.А., Муратова Д.А., Серикбаева Ж.Б. Ертегілер кейіпкерлерін сомдағандар: Ақоразова Э.С., Омельницкая Т.А., Ахмедьянова А.И., Елеусизова С.К., Шабалдас Е.Ю., Арықбаева А.І., Кобланова А.Р., және тағы да басқа бөбекжай қызметкерлері белсене қатысты. Керемет көңіл күй сыйлағандары үшін рақмет! Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жыл жақсы жаңалықтарымен келсін!
Ақтау қаласының туған күніне орай «Көңілді старт»
15 Қыркүйек күні бөбекжайда Ақтау қаласының туған күніне орай «Көңілді старт» тақырыбында дене шынықтыру сауық кеші ұйымдастырылды. Шараға ересек және мектепалды даярлық топ балалары қатысты.Дене тәрбиесі нұсқаушысы Ахмедьянова Анжела Ивановна «Арқан тарту», «Кенгуру», «Теңге ілу» т.с.с қызықты ойындармен балалардың көңілін көтерді. Эстафета соңында балаларға дәрумендер таратылды.
«Күзгі калейдоскоп»
Бөбекжайымызда қазан айында күз мерекесіне орай «Күзгі калейдоскоп!» тақырыбында ертеңгіліктері өтті. Балалар жақсы көңіл күймен өлең оқып, ән салып, би биледі. Күз мерекесіне ертегілер елінен қоян, аю, түлкі және жылдың төрт мезгілімен бірге Күз ханшайымы келіп мереке соңында бау- бақшасынан әкелген алмаларын балаларға таратты. Балаларға керемет көңіл күй сыйлаған кейіпкерлерге шығармашылық табыс тілейміз!
«1-Қыркүйек - Білім күні»
2023 жыл 1 –қыркүйек күні бөбекжаймыз Амфитеатрда мерекелік шара өткізді . Безендірілген аулада балалармен сайыстар, эстафеталармен мереке жалғасын тапты.Сонымен қатар «Білім күніне» арналған бөбекжай педагогтері бейнероликтер дайындады. Бейне роликте педагогтерді, балаларды ата-аналар құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.Мереке құтты болсын! Білімді де, тәрбиелі ұрпағымыз көп болсын. Жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тілеймін!
«Наурыз қонақтарды қарсы алады»
Балалардың қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне қызығушылығын ояту, қазақтың ұлттық Наурыз мерекесімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен және ойындарымен таныстыру, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, мерекені эмоционалды, оң қабылдауға ықпал ету, халықтың мәдениеті мен өміріне қатысын түсіну, Отанды сүюге, еңбекқорлыққа, әртүрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында №46 «Балбұлақ» бөбекжайымызда «Наурыз қонақтарды қарсы алады» тақырыбында ертеңгіліктер өткізілді. Балалар ұлттық киімдерін киіп, мерекеге жақсы дайындықпен қатысты.Ертеңгілікте балалар ұлттық «Домбыра» биін билеп, «н салып, Наурыз тақырыбында өлеңдер оқыды. Бұл шарада ертегілер елінен Алдар келіп балалармен көңіл күй көтеріп, ұлттық ойындардан: «Арқан тарту», «Қол күрес», «Тақия тастамақ» ойындарын ойнады. Сонымен қатар салт –дәстүрден де тыс қалмай, бөбекжай педагогтері «Ерулік-елдіктің белгісі» демекші, «Ерулік» салт дәстүрі мен қоса «Асату» ырымын көрсетті. Қазақ халқының ұмыт болып бара жатырған салт-дәстүрлерін көрсетудегі театрландырылған қойылым өте жақсы көңіл күй сыйлады.
«Ойын ойнап шынығамыз» дене шынықтыру ойын-сауығы
23-ақпан күні бөбекжайымызда «Ойын ойнап шынығамыз» тақырыбында дене шынықтыру сауық кеші ұйымдастырылды. Шараға барлық топ балалары қатысты. Балалармен қызықты сайыс эстафеталар, жарыстар өтті. Бұл шара балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.
«Тату отбасы» жанұялық ойындар
«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жоспары ағымдағы жылдың сәуірінде дене тәрбиесі нұсқаушысы Ахмедьянова Анжела Ивановна «Тату отбасы» тақырыбында жанұялық ойындарды ұйымдастырыды. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.Сондықтан да мерекеде бір-біріне әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете білген, балаларға қуаныш сыйлаған әкелерге мың алғыс!
«Менің елім- Қазақстаным!»
Бөбекжайымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арнап «Менің елім- Қазақстаным!» тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуальды ойын түрінде шара ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастырып өткізгендер: ән-саз жетекшісі Корнеева О.Г., қазақ тілі мұғалімі Елеусизова С.К. және мектепалды даярлық топ тәрбиешілері. Ән-саз залында балалар Отан, туған жер туралы ән салып, өлеңдер оқып, ұлттық ойындар ойнап, мақал-мәтелдер айтып жарысып, еліміздің рәміздері жайында айтып өтті. Елдің татулығы, бірлігі жайында әңгімеленді. Мереке соңында балаларға тәттілер таратылды.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы да мәңгі болсын! Балалардың балалық шағы бақытты да, қуанышты болсын!
«Тілдер апталығы»
Ақтау қаласының 60 жылдығы, Маңғыстау облысының 50 жылдығына орай, 20203 жылы 1-11 қыркүйек аралығында балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, тілі мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру және қай елдің тілі болмасын тілді құрметтей білуге, тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті екендігін түсіндіру. Балалар бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында «Тілдер апталығы»на арналған «Ана тілім-айбыным» — тақырыптық оқу қызыметтері өтті. Сонымен қатар ән-саз залында гимн орындалып, патриоттық әндер шырқалды. Іс-шараға белсене қатысқан педагогтерге алғыс айтамыз.
BabySkills жобасының қатысушыларымен Caspian Riviera Grand Palace 5* қонақ үйіне саяхат
2024 жылдың ақпанында, Маңғыстау туризм колледжі тарапынан, BabySkills жобасының қатысушыларына Caspian Riviera Grand Palace 5* қонақ үйіне саяхат ұйымдастырылды. Қонақ үйдегі суқоймасындағы, балықтар акварумындағы шабақтар мен бекіре балықтары бар контейнерлер бар. Бұл жерде балаларға балықтарды тамақтандыруға рұқсат етілген. Гид жұмыртқадан балық алу және шабақтарды өсіру процесіне қысқа, бірақ өте қызықты экскурсия жасады. Балаларға қарауға ғана емес, сонымен қатар шабақтарды да, ірі балықты да ұстауға рұқсат етілді. Барлық балалар мен педагогтерге саяхат ұнады. Саяхатты ұйымдастырған Маңғыстау туризм колледжіне үлкен рахмет.