«Әкем – асқар тауым»
Қалалық «Әкем – асқар тауым» байқауына «№46 «Балбұлақ» бөбекжай» — ның №7 ересек топ тәрбиешісі Имангалиева Айгуль Туребаевна, тәрбиеленуші Магомедов Хабибпен (4жас) қатысты. Бұл байқаудың мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі спорттық әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың, денсаулыққа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру. Байқау қорытындысы бойынша Магомедовтер отбасы «Зерек бала мен әке» номинациясына ие болды.
«Тәуелсіздік-балалар көзімен»
Жас өркеннің патриоттық сезімін ояту, туған жерге деген махаббатын арттыру, балалардың қабілетін дамытып, талабын шыңдау, азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау мақсатында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ Ақтау қалалық филиалы мектепке дейінгі ұйымдардың кәсіподақ мүшелерінің балалары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-балалар көзімен» атты қалалық көркем сурет байқауы өтті. Бұл байқауға №46 «Балбұлақ» бөбекжайы атынан жетекшісі Сельченкова Екатерина Ивановнамен бірге №9 МАД тобының тәрбиеленушісі Магомедова Екатерина Александровна қатысып, жеңімпаз атанды. Ұжым атынан тәрбиеленушіміз Магомедова Екатерина Александровнаны шын жүректен құттықтаймыз! Талабың таудай болсын бүлдіршін!
«Алақай, жаз келді!»
Жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру үшін қауіпсіз, жайлы және креативті ортаны құрудың озат тәжірибесін жинақтау және тарату, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, физикалық, коммуникативтік, танымдық, интелектуалды, шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту, балалардың демалысын, сауықтырылуын және іс-әрекетпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің түрлері мен мазмұнын жетілдіру мақсатында қалалық «Алақай, жаз келді!» байқауы өтті. Байқауға бөбекжай атынан №12 ересек топ тәрбиеленушілері мен тәрбиеші Акоразова Эльмира Сембаевна қатысты.
«Анам, әжем және мен»
Мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату, балаларды отбасы дәстүрлеріне, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, үлкенді сыйлауға оларға құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа баулу, ата-аналармен және отбасымен достық қарым-қатынасты нығайту, педагогтерді ұлттық құндылықтарды балалардың тұтас дамуының қазіргі заманғы теорияларымен үйлесімді үйлестіруге ынталандыру, қызықты жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы ата-аналарды мектепке дейінг ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту мақсатында «Анам, әжем және мен» республикалық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға бөбекжайымыздан №11 МАД тобының тәрбиеленушісі Кочмурад Айару, әжесі Бакиева Улжан Сулейменқызы және анасы Утеджанова Нуржамал Кочмурадовнамен бірге қатысты.Ережеге және бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, отбасылық салт-дәстүрлерге баулу мақсатында қолөнер бұйымдарын әзірлеу, пайдалану, қолдан жасау сияқты көріністерденбейнематериал ұсынылды. Нәтижесінде Кочмурад Айару, анасы және әжесімен бірге «Үздік аналар мектебі» номинациясына ие болды. Біз Айаруға әрқашан сәттілік сергің болсын деп тілейміз!
«Балаларға базарлық»
Балалардың кітаптарға, балалар әдебиетіне, театр әлеміне деген қызығушылығын дамыту, шығармаларды таныстыру, қайталау, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларды үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында қалалық «Балаларға базарлық» кітап бұрышы байқауына бөбекжайымыздың педагогы Сейталиева Гульзифа Кенжибаевна №14 МАД тобы балаларымен бірге қатысты. Байқауға 27 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерімен тәрбиешілері қатысты. Қазылар шешімі нәтижесінде Гульзифа Кенжибаевна тәрбиеленушілерімен бірге жүлделі І орынды иеленді. Гульзифа Кенжибаевнаға шығармашылық табыс тілейміз!
«Жол қауіпсіздігін сақтайық!»
Бөбекжайымыздың ауласында «Жол қауіпсіздігін сақтайық!» атты жол ережесін сақтау шарасы өтті. Шараға ересек және мектепалды даярлық топтары қатысты.Ұйымдастырып өткізген тәрбиешілер, балалармен бірге, жеңіл ойыншық машиналар, самокаттармен аулада жол ережесін қалай сақтап жүру керектігін үйрете отырып, қызықты жағдаяттар мен ұштастырып шараны өз деңгейінде өткізді. Жол ережесі бойынша балалар жақсы білімдерінің бар екенін көрсетті. Балалар үшін өте қызық және көңілді өтті.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу дағдыларын қалыптастырудағы заманауи тәсілдері»
02-қараша 2023 жылы, бөбекжайымызда «Өрлеу» курс тыңдаушыларына арнап ашық оқу іс-әрекеттері көрсетілді. Бөбекжай педагогтерінен: Сельченкова Е.И. бейнелеу өнері бойынша дәстүрлі емес техникаларды қолдана отырып, сурет салу «Осенний букет» тақырыбында шебер-сыныбы және « Знаток изобразительного искусства» тақырыбында оқу қызметін ойын түрінде ұйымдастырып өткізді. Курс тыңдаушылары өткізілген шараларға оң баға беріп, ұжымға алғыстарын білдірді.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курстан өткен педагогтер мен «Білім беру қызметкерлерінің іс-тәжірибе алмасуы»
11 қыркүйек 2023 жылы, бөбекжайымызда «Өрлеу» курс тыңдаушыларына арнап ашық оқу қызметтері көрсетілді. Бөбекжай педагогтерінен: Сельченкова Е.И.және Ауелбаева Ф.Е. бейнелеу өнері бойынш «Ойын ойнап сурет саламыз » (педагогтерге арналған) шебер-сынып, «Күздің туған күнінде» №10 МАД тобында ұйымдастырылған ойын-сауықты Корнеева О.Г, Каракаева А.К.; «Көңілді ұлттық ойындар».№9 МАД тобындағы ұйымдастырылған спорттық ойын-сауықты Ахмедьянова А.И., Литау В.А., Зварцева Е.Д. дене тәрбиесінен ұйымдастырса, Шабалдас Е.Ю. М.Монтессори педагогикалық құрылымы бойынша шебер-сынып өткізді.Курс тыңдаушылары ұжымға шығармашылық шың тіледі.
«Тәуелсіздік тірегім»
Ағымдағы жылы, желтоқсанның 8 жұлдызы күні, Қазақстан Республикасы күніне орай және педагогтердің шығармашылық әлеуеттерін дамыту, мектепке дейінгі педагогтерді поэзияға жұмылдыру, туған еліне, туған жеріне деген адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеу, педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандыру, өлең оқу кезінде көркем сөз, орындаушылық дағдыларын жетілдіру және дарынды педагогтерді анықтау мақсатында қалалық «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында «Мәнерлеп оқу» байқауы өтті. Байқауда «Тәуелсіздік», «Отан», «Туған жер» тақырыптарында шығармалар оқылды. Сонымен қатар байқауға 15 бөбекжай қатысып, №46 «Балбұлақ» бөбекжайынан қазақ тілі мұғалімі Елеусизова Саида Казихановна өз шығармашылығынан «Тәуелсіздік діңгегі» өлеңімен қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Саида Казихановнаны шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шың, толағай табыс тілейміз!
«Білім берудегі басқару мен көшбасшылық» тақырыбындағы әдістемелік семинар
1-қараша күні Мұнайлы ауданының жалпы білім беру мектебінде Қарақия ауданының мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған іс-тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім берудегі басқару мен көшбасшылық» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарға Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер қатысты.
Бөбекжайымыздың әдіскері Кобланова Алима Реджеповна бұл семинарда «Мектепке дейінгі ұйым жұмысында инновациялық технологиялардың бірі WorldSkills стандартына негізделген «BabySkills» жобасы бойынша мектепке дейінгі мекеменің жұмыс тәжірибесі» тақырыбында бөбекжай тәжірибесімен бөлісті.
«Интелектуалдық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы әдістемелік семинар
2024 жылы, наурыздың 15 жұлдызында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, қалалық қауымдастық топ жетекшісі, «Оқу –әдістемелік орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі мекеме әдіскері Жилгельдина Гулназия Сериковнаның ұйымдастыруымен офлайн форматта «Интелектуалдық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»
тақырыбындағы әдістемелік семинар №43 «Батыр» бөбекжайы аясында өтті.Семинарға бөбекжайымыздың тәрбиеші Даулетбаева Нурия Кожабаевна «Ойнаймыз да ойлаймыз, білімге терең бойлаймыз» тақырыбында МАД тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл семинарға қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтер қатысты.
«Мектеп дейінгі білім беру ұйымында тәрбиеленушілердің ойын құзіреттілігін дамыта отырып әлеуметтік белсенділіктерін арттыру» тақырыбында қалалық мобильді топ ұйымдастыруымен өткізілген семинар
Бөбекжайымызда 2024 жылы, ақпанның 21 жұлдызында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында, қалалық мобильді топ жетекшісі, «Оқу –әдістемелік орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі мекеме әдіскері Жилгельдина Гулназия Сериковнаның ұйымдастыруымен офлайн форматта «Мектеп дейінгі білім беру ұйымында тәрбиеленушілердің ойын құзіреттілігін дамыта отырып әлеуметтік белсенділіктерін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымнан 33- педагог қатысты.
Семинардың практикалық бөлім бойынша:
— «Заячья избушка» театрландырылған іс-әрекет «№ 46 «Балбұлақ» бөбекжай», №5 ортаңғы топ тәрбиешісі-Елбаева Наталья Аруевна;
-«Асық -алтын қазынам» кіріктірілген іс-әрекет , «№ 32 «Ақшағала» бөбекжай» ортаңғы топ тәрбиеші- Казиева Айнур Орынбасаровна;
-«Медвежонок ищет друзей» ойын-сауық ( стретчинг ойын элементтерімен )
«№46 «Балбұлақ « бөбекжай» дене тәрбиесі нұсқаушысы: Ахмедьянова Анжела Ивановна, тәрбиеші-Имангалиева Айгуль Туребаевна;
-«Бүгін бізде туған күн» кіріктірілген іс-әрекет «№46 «Балбұлақ» бөбекжай», №12 ортаңғы топ, педагогтер- Акоразова Эльмира Сембаевна, Арықбаева Амангуль Ізбергенқызы;
-«Алтын сақа» квест ойыны ересектер тобы «№ 58 «Балауса» бөбекжай» тәрбиеші- Нурсупканова Лаура Кайратовна;
-«Играем, танцуем и поем, очень весело живем!» ойын-сауық. «№ 46 «Балбұлақ» бөбекжай» №9 МАД тобы, педагогтер- Корнеева Ольга Григорьевна, Литау Виктория Александровна, Зварцева Елена Дмитриевна;
Семинар соңында №10, 58, 17, 33, 44, 22, 32, 14 бөбекжай педагогтері өз алғыстарын білдіріп, бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Семинарға жауапты маман Нысамбаева Айжамал Туребековна өткен іс-шараларды жақсы деп бағалады.
«Мектепке дейінгі жастағы балалалрды оқыту мен тәрбиелеуде Маңғыстау өңірінің ұлттық құндылықтары мен өркениетін дәріптеу арқылы рухани адамгершілік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық семинар
Мобильдік топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе алмасу, педагогтердің кәсіби қарым-қатынасын, байланыстарын кеңейтіп, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі нысандары арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік жасау, білім беру жүйесінде заманауи жаңашыл-педагогтер туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру, мақсатында ағымдағы жылдың 13-желтоқсаны күні «Мектепке дейінгі жастағы балалалрды оқыту мен тәрбиелеуде Маңғыстау өңірінің ұлттық құндылықтары мен өркениетін дәріптеу арқылы рухани адамгершілік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық семинар №56 «Жұлдыз» бөбекжайы аясында өтті. Бұл семинарда бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы Елеусизова Саида Казихановна және тәрбиеші Ауелбаева Фарида Ерсайыновна «Ұлттық құндылықтар шығармашылық бастауы» тақырыбындағы шебер-сыныбымен қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мобильді топ мүшелері және педагогтер қатысты.
«Қарт Каспийдің жағасындағы қала!»
14 – қыркүйек бөбекжайішілік тәрбиеленушілер арасында Ақтау қаласының 60 жылдығына орай «Қарт Каспийдің жағасындағы қала!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа Ортаңғы . ересек және мектепалды даярлық топтарынан бір тәрбиеленушіден қатысты.
Мәнерлеп оқу барысында балалардың сырт келбеті, әртістік қабілеті, мәнерлілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар байқаудың қортындысы бойынша 1- І орын, 1- ІІорын, 1-ІІІ орын және «Көрермен көзайымы», «Талапты балақай», «Талантты балақай», «Көркемсөз шебері» т.б. номинациялар болды. Бүлдіршіндер дипломдармен марапатталды.Балаларды сайысқа дайындаған тәрбиешілерге үлкен алғыс айтамыз! Тәрбиеленушілерге сәттілік серігіңіз болсын дейміз!
«Мен зерттеушімін»
Қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру, тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық, шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту, қарапайым зерттеулер жүргізуге балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды.
Бөбекжайымыздан №9 МАД тобының тәрбиеленушісі Орысбаев Даниял мен Прапорщикова Лана қатысты. Балалармен бірге педагог Сельченкова Екатерина Ивановна, сумен, мұзбен және түрлі түсті бояулармен тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді. Балалар үшін барлығыда қызықты өтті.Байқау нәтижесінде ІІІ орынға ие болды!
Бөбекжайымыздың қазақ тілі мұғалімі
Саида Қазиханқызы 12 сәуір күні ата аналарға арналған үй жағдайында ойнауға болатын мнемотехника әдісі арқылы ойнауға болатын ойындар топтамасы бойынша бейне материал ұйымдастырды. Бұл бейнематериалда мнемотехника бойынша ойындарды қалай ойнауға болатынын көрсетіп өтті.
Облыстық семинар мобильді топ
Педагогтердің кәсіби қарым-қатынасын, байланыстарын кеңейтіп, кәсіби шығармашылық қызметке тарту, озық педагогикалық тәжірибе жинақтап, таратуға мүмкіндік беру, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі нысандары арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік жасау, білім беру жүйесінде заманауи жаңашыл-педагогтер туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 23- қазан күні «МДҰ педагогтеріне әдістемелік қолдау жұмыстарына рефлексия жасау» тақырыбындағы облыстық, аудан, қалалық оқу-әдістемелік орталықтары жанындағы мобильді топтар бірлескен отырысы және «Ұйымдастырылған іс-әрекетін жоспарлаудың тиімді тәсілдері» жас педагогтерге арналған семинар (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жас мамандар үшін) өтті. Бұл шараларға бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы Елеусизова Саида Казихановна » Online-дағы тәрбие» тақырыбында жобасымен қатысса, ал бөбекжай әдіскері Кобланова Алима Реджеповна мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне әдістемелік қолдау жұмыстары және кері байланыс жайында өз тәжірибесімен бөлісті.
Шараға Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мобильді топ мүшелері және қазақ тілі пәні мамандары бойынша жас педагогтер онлайн қатысты.
«Салтын білген-саналы ел» тақырыбында қалалық қауымдастық тобының ұйымдастыруымен өткізілген байқау
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің шығармашылық әлеуеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Салтын білген-саналы ел» тақырыбында қалалық байқау өтті. Байқауға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 14-мектепке дейінгі ұйым қатысты. Аталған байқау «№59 С.Шапағатов атындағы бөбекжайы» базасында өтті. Байқауда салт дәстүрдің түрлерінен: Бесікке салу, Бәсіре, Ерулік, Жеті ата, Қыз сыйлау т.б. көріністерін көрсетті.
Байқау нәтижесінде біздің №46 «Балбұлақ» бөбекжайымыз ІІ орын иеленіп дипломмен марапатталды. Байқау өте жақсы өтті. Қатысушы әріптестерімізге үлкен алғыс айтамыз!
Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы жанындағы Медициналық орталықтың Республикалық «Қарлығаш» балабақшасы шаруашылық жүргізу құқығындағы РММ ұйымдастыруымен мемлекеттік кәсіпорны өкілдерінің Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда кездесуі, тәжірибе алмасуы
2023 жылдың 16 қарашасында «№46 «Балбұлақ» бөбекжай» -да мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған шығармашылық және
коммуникативтік қабілеттерін дамыту және іс-тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында №5 ортаңғы тобында ұйымдастырылған «Путешествие по сказке «Репка» тақырыбында оқу іс-әрекеті өтті. Тәрбиешісі: Елбаева Н.А., ән-саз жетекшісі: Корнеева О.Г. Сонымен қатар бір топ тәрбиеші-педагогтер «Мектепке дейінгі ұйым жұмысында инновациялық технологиялардың бірі WorldSkills стандартына негізделген «BabySkills» жобасы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинарға Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер қатысты.
Бөбекжайымыздың әдіскері Кобланова Алима Реджеповна бұл семинарда «Мектепке дейінгі ұйым жұмысында инновациялық технологиялардың бірі WorldSkills стандартына негізделген «BabySkills» жобасы бойынша мектепке дейінгі мекеменің жұмыс тәжірибесі» тақырыбында топ педагогтерімен бірге бөбекжай тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық оқу қызметтері
Ағымдағы жылдың 11-15 желтоқсаны аралығында бөбекжайымызда елін, жерін қастерлеу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық оқу қызметтері өтті. Бұл шараға ересек топтар қатысып, тақпақтар айтып, ойындар ойнап, ән ұран орындап жақсы көңіл күймен қатысты. Тәрбиешілер өз шығармашылықтарын көрсетіп, өткізілген шараларға бейне роликтер дайындады.
Тақырыптық оқу іс-әрекеттері АЛҒЫС АЙТУ
Балаларды қоғамның әлеуметтік және этикалық дәстүрлері мен нормаларына, жалпыадами құндылықтарға баулу, әдепті қарым-қатынас дағдыларын бекіту, балалардың алғыс айту шынайы болуы керек екендігін түсінуіне ықпал ету, жанашырлыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, татулыққа, достыққа баулу, балалардың құрмет көрсету, алғыс айту, ризашылық туралы түсініктерін кеңейту, отбасына, отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Ризашылық білдіреміз» тақырыптық оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде мерекелік күннің басты идеясы – айналасындағы адамдарға көмегі мен игі істер үшін құрмет пен алғыс білдіру. Әр адам жақындары мен достарына, аға буынға, түрлі мамандық иелеріне алғыс айта алады. Таңертеңгілік топтарда бастау алған бұл шара күні бойы жалғасын тауып отырды. Балалардың жүрек жарды алғыстарын Отанға, Елбасына, педагогтерге, бөбекжай ұжымына, ата-аналарына, ата-әжелеріне, туыс бауырларына арнаған бейне роликтері түсірілді.
“Үздік тәрбиеші- 2024”
Ағымдағы жылдың 16-ақпаны күні қалалық “Үздік тәрбиеші- 2024” байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздан №10 МАД тобының тәрбиешісі Каракаева Айгерім Койшыбаевна қатысты. Байқау ережесіне сай панорамалық оқу іс- әрекеті, шебер- сынып өткізіп, жоба қорғады. Нәтижесінде Айгерім Койшыбаевна ынталандыру номинациясына ие болды.
«Ханталапай»
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарына, ұлттық ойындарға және еңбек әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру, балалалардың денесін үйлесімді дамыту, ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылықты арттыру,дене сапаларын: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті қалыптастыру;
ойындарды ойнату арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін, тапқырлығын, зияткерлігін, шығармашылығын дамыту; халық арасындағы ескі ұмытылып қалған, ұлттық, қимылды, үстел үсті ойындарын жандандыру; баланың дербестігін және ересектердің балаларға деген достық қарым- қатынасын ынталандыру; балаларды Отанға, елге, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін және қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақ халқының ұмытылған ұлттық ойындарын зерделеуге ынталандыру мақсатында «Ханталапай» қалалық байқауына бөбекжайымыздың атынан ұлттық ойындары бойынша №2 мектепалды даярлық тобынан тәрбиеленушілерімен жетекшісі Ахмедьянова Анжела Ивановна қатысты. «Ханталапай» балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық ойындар (қимылды, ұлттық және т.басқа) ұйымдастырылды;
Байқау ұлттық стильде безендірілген бөлмеде өткізілді.Бейнероликтер ұзақтығы
5 минуттан аспайтын ойынның қызықты кезеңдерінен, үздік сәттерін көрсетуі тиіс болды .
Бөбекжайымыздың бүлдіршіндеріне сәттілік тілейміз!
«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»
Балалар арасында сәндік-қолданбалы,шығармашылықтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, тарихымен таныстыру жэне танымал ету, қиял мен еңбекқорлықты дамыту, балалардың шығармашылық қарым- қатынасын ұйымдастыру, олардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен қалалық «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауы өтті.«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары, ата-әжелері («Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Аналар мектебі» жұмыстарын жандандыру мақсатында) арасында матадан, жүннен, былғарыдан, киізден, ағаштан, жіптен, қағаздан, саздан және т. б. қолөнер жасау бойынша өткізілді.
Бұл байқауға бөбекжайымыздан №10 МАД тобының тәрбиеленушісі Шайхы Әлқуат әкесімен бірге қатысып, ат әбзелдерін пайдалану және дайындауды көрсетті. Әлқуатқа әрқашанда сәттілік тілейміз!