2024 жыл, сәуірдің 17 жұлдызында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу –әдістемелік орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі мекеме әдіскері Сәтиева Раушан Қуанышқызының ұйымдастыруымен №46 «Балбұлақ» бөбекжай базасында «Ерте балалық шақтағы қоршаған ортаның рейтингтік ECERS шкаласын пайдалана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесін дамыту» тақырыбындағы қалалық әдістемелік семинар өтті.Семинарға Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымнан – 31 педагог қатысты.
Семинарда №4 «Аққу» бөбекжайының әдіскерлері — Орунбай Илия Исағалықызы мен Баймуханова Жания Карловна, «Ecers-3 шкалаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі білім беру ортасының сапасын бағалау» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға өзін-өзі бағалау үшін ұсынылатын өлшемшарттарын қолдану» тақырыбында тәжірибелерімен бөліссе, №46 «Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері- Кобланова Алима Реджеповна «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау құралдарын қолдану» тақырыбында, №14 «Айгөлек» бөбекжайының әдіскері -Калимбетова Гулнара Косназаровна «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында және №19 «Толағай» бөбекжайының әдіскері- Бисенкулова Ильмира Галлямовна «Топтардың мониторинг нәтижелері негізінде мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің берілген қосымшаға сәйкес (2 Қосымша) жинақ есепті құрастыру әдістемесі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында педагогтердің сұрақтарына жауап алынды.





