Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні әдіскер Кобланова А.Р. «Күн тәртібінің бала өміріндегі маңызы» тақырыбында консультациялық пункт жоспарына сай кеңес өткізді. Баланың жас ерекшелігіне, мүмкіндіктеріне сәйкес дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі — бала денсаулығын нығайтады, еңбекке қабілеттілігін, әр түрлі іс-әрекеттерді сәтті орындауын қамтамасыз етеді, шаршаудан сақтайтыны жайында айтып өтті.Күн тәртібі — бұл күнделікті күндізгі нақты баланың оянуы мен ұйқысының кезектесуін, сондай-ақ әр түрлі әрекеттерді ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жоспар. Бұл өз кезегінде отбасындағы тәрбиелеу және білім беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл бала дұрыс өсіп-жетілу үшін жағымды гигиеналық жағдай, әр түрлі іс-әрекет түрлерін және бос уақытын, дем алуын және т.б. ойластыруды көрсетеді. Демек, бұл қандай жаста болмасын баланың бір күндік күн тәртібін дұрыс ұйымдастырудың аса мәнді екендігін дәлелдейтінін айтып өтті. Кеңеске 2 ата-ана қатысты.



