Балбулак

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні қазақ тілі мұғалімі С.К.Елеусизова «Мектепке дейінгі ұйымда балалармен өткізілетін ұлттық ойындар»

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні қазақ тілі мұғалімі С.К.Елеусизова «Мектепке дейінгі ұйымда балалармен өткізілетін ұлттық ойындар» тақырыбында кеңес өткізді. Ұлттық ойындарды ойнау барысында баланы жан-жақты тәрбиелеу, ойнау барысында балалардың жылдам ой қорытып, заттар мен құбылыстарды қасиеттеріне қарай ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту қабілеттері арттады. Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып табылады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл-күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық, туралы көзқарастары, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа жету талпынысы айқын қамтылғанын жеткізді. Сондай-ақ кеңес барысында топ тәрбиешілеріне топта ұйымдастыруға болатын қолайлы ұлттық ойындарды атап көрсетті.

Прокрутить вверх