Балбулак

26 наурызда бөбекжай қауіпсіздігін сақтау, балалар өмірін қорғау мақсатында терроризмге қарсы қорғалу

26 наурызда бөбекжай қауіпсіздігін сақтау, балалар өмірін қорғау мақсатында терроризмге қарсы қорғалу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында бөгде адамдардың ғимаратқа  кіргенін немесе аулада жүргенін көрген жағыдайда сақтық шараларын қолдана отырып, кім екенін,  қандай жұмыспен келгенін анықтау. Қазіргі уақытта  терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің  қауіпсіздігіне  төнетін шынайы қауіпке айналып отырғандығы жайында айтып өтті. Сондықтан  күдікті немесе күмән тудыратын адам  бөбекжай территориясында  байқаған жағыдайда, мүмкіндігінше     тез арада  102 нөміріне хабарласу керектігін атап өтті. Қажет болған жағыдайда  103 жедел жәрдемге хабарласқан жөн. Күдікті затты байқаған кезде жақындамауға, ең бірінші кезекте балаларды  алыстатуға, әкімшілікке хабарлауды ескертіп өтті.

Прокрутить вверх