Ағымдағы жылдың 26 наурызында бөбекжай директоры Оразова А.Д. және әдіскері Кобланова А.Р. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген 2024 жылғы өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып өтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Екінші, бірінші, жоғары санатты педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына көшетіні айтылып өтілді және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жаңа форматқа ауысып болуы керектігін атап өтті.
Сонымен қатар:
— уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін;
— декреттік демалыстан шыққан тұлғалар үшін;
— білім беру ұйымдарынан Министрлікке, білім басқармаларына, әдістемелік кабинеттерге ауысқан педагогтер үшін санаттың қолданыс мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылатыны айтылды.
Аттестацияға арыз берген педагогтерге қазірден бастап папка дайындау жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Жиналыс соңында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Жиналысқа 24 педагог қатысты.


