Балбулак

Наурыз мерекесімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен

Балалардың қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне қызығушылығын ояту, қазақтың ұлттық Наурыз мерекесімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен және ойындарымен таныстыру, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, мерекені эмоционалды, оң қабылдауға ықпал ету, халықтың мәдениеті мен өміріне қатысын түсіну, Отанды сүюге, еңбекқорлыққа, әртүрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында №46 «Балбұлақ» бөбекжайымызда  «Наурыз қонақтарды қарсы алады» тақырыбында ертеңгіліктер өткізілді. Балалар ұлттық киімдерін киіп, мерекеге жақсы дайындықпен қатысты.Ертеңгілікте балалар  ұлттық «Домбыра» биін билеп,  «н салып, Наурыз тақырыбында өлеңдер оқыды. Бұл шарада  ертегілер елінен Алдар келіп балалармен көңіл күй көтеріп, ұлттық ойындардан: «Арқан тарту», «Қол күрес», «Тақия тастамақ» ойындарын ойнады. Сонымен қатар салт –дәстүрден де тыс қалмай, бөбекжай педагогтері «Ерулік-елдіктің белгісі» демекші, «Ерулік» салт дәстүрі мен қоса «Асату» ырымын  көрсетті. Қазақ халқының ұмыт болып бара жатырған салт-дәстүрлерін көрсетудегі  театрландырылған қойылым өте жақсы  көңіл күй сыйлады.

Прокрутить вверх