Балаларды қоғамның әлеуметтік және этикалық дәстүрлері мен нормаларына, жалпыадами құндылықтарға баулу, әдепті қарым-қатынас дағдыларын бекіту, балалардың алғыс айту шынайы болуы керек екендігін түсінуіне ықпал ету, жанашырлыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, татулыққа, достыққа баулу, балалардың құрмет көрсету, алғыс айту, ризашылық туралы түсініктерін кеңейту, отбасына, отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тақырыптық оқу іс-әрекеттері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде мерекелік күннің басты идеясы – айналасындағы адамдарға көмегі мен игі істер үшін құрмет пен алғыс білдіру. Әр адам жақындары мен достарына, аға буынға, түрлі мамандық иелеріне алғыс айта алады. Таңертеңгілік топтарда бастау алған бұл шара күні бойы жалғасын тауып отырды. Балалардың жүрек жарды алғыстарын Отанға, Елбасына, педагогтерге, бөбекжай ұжымына, ата-аналарына, ата-әжелеріне, туыс бауырларына арнаған бейне роликтері түсірілді.









