2024 жылдың 28-ақпаны күні, №46 «Балбұлақ» бөбекжайында , баланың оң эмоционалдық қарым-қатынасын қалыптастыру, мамандық таңдауға мүмкіндік беру, өз күшін пайдалануға қол жетімді қызмет түрлері мен оң тәжірибе алуға, табысты кәсіби қызмет иесі болуға жол сілтеу және балалардың кәсіби қызметі туралы түсініктерін байыту және нақтылау, балаларда еңбек процесінің құрылымы туралы жалпылама түсінік қалыптастыру, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру,ересектердің еңбегіне және оның нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу, әр мамандықтың маңыздылығын мен қажеттілігін түсінуге көмектесу мақсатында Халықаралық «WorldSkills Aktau -2024» қозғалысы аясында өтетін «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасы өтті. Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының жоспарына сәйкес Маңғыстау Туризм колледжі мен бірлесе отырып атқарылған жұмыстың нәтижесінде «Кондитерлік іс» құзіреттілігі бойынша балаларымыз өз өнерін көрсетті. Ай бойы «Білім беру», «Өзін-өзі таныстыру» және «Аспаптық» модульдерінде алған дағдыларын «BabySkills» ойын чемпионатында қолдана отырып, шеберліктерін көрсеткен балалар Маңғыстау Туризм колледжінің дипломы мен және «Үздік маман» медальонымен марапатталды. Балаларға ойыншықтар сыйға тарту етілді. Сонымен қатар RIXOS WaterWorld Aktau-өкілі балаларға демалыс паркіне сертификат табыстады.










