Мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату, балаларды отбасы дәстүрлеріне, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, үлкенді сыйлауға оларға құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа баулу, ата-аналармен және отбасымен достық қарым-қатынасты нығайту, педагогтерді ұлттық құндылықтарды балалардың тұтас дамуының қазіргі заманғы теорияларымен үйлесімді үйлестіруге ынталандыру, қызықты жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы ата-аналарды мектепке дейінг ұйым қызметіне белсенді қатысуға тарту мақсатында «Анам, әжем және мен» республикалық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға бөбекжайымыздан №11 МАД тобының тәрбиеленушісі Кочмурад Айару, әжесі Бакиева Улжан Сулейменқызы және анасы Утеджанова Нуржамал Кочмурадовнамен бірге қатысты. Ережеге және бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, отбасылық салт-дәстүрлерге баулу мақсатында қолөнер бұйымдарын әзірлеу, пайдалану, қолдан жасау сияқты көріністерден бейнематериал ұсынылды. Нәтижесінде Кочмурад Айару, анасы және әжесімен бірге «Үздік аналар мектебі» номинациясына ие болды. Біз Айаруға әрқашан сәттілік сергің болсын деп тілейміз!






