22 ақпан күні балаларды отбасылық құндылықтарға, еңбекқорлыққа баулу,
— балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын ояту;
— балалардың физикалық белсенділігін, танымдық, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ету, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау;
— балаларды дербестікке және ересектермен бірге әрекет етуге ынталандыру;
— балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға баулу,
— «Жас аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жұмыстарын жандандыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен қалалық «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауы өтті. «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың ата-аналары, ата-әжелері («Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Аналар мектебі» жұмыстарын жандандыру мақсатында) арасында матадан, жүннен, былғарыдан, киізден, ағаштан, жіптен, қағаздан, саздан және т. б. қолөнер жасау бойынша өткізілді.
Бұл байқауға бөбекжайымыздан №10 МАД тобының тәрбиеленушісі Жалғас Әміржан әкесімен бірге қатысып, ат әбзелдерін пайдалану және дайындауды көрсетті. Сәттілік тілейміз!