Балбулак

2024 жылы, 22 қараша күні консультациялық пункт жоспары бойынша ата-аналармен  «Балаңыз туралы не білесіз?» тақырыбында

2024 жылы, 22 қараша күні консультациялық пункт жоспары бойынша ата-аналармен  «Балаңыз туралы не білесіз?» тақырыбында бөбекжай әдіскері Сейталиева Гульзифа Кенжибаевна  викторина- ойын өткізді. Викторина барысында ертегілердің балаларға қандай әсері бар,  әр баланың нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай шығармаларды ұнататынын байқап білу мақсатында ата-аналарды қатыстыра отырып, шығармашылық ойындар өткізді. Викторина  өте қызықты ұйымдастырылды. Себебі ата-аналардың кейбірі  тіпті сахналық қойылым барысында  қиналып, өздері сұраққа жауап іздеп отырды. Балаларға берілетін көмекті қажет еткен ата-аналардың өздері жеке сұрақтарына  жауап алды. Гульзифа Кенжибаевнаға рақметін айтқан ата-аналар, бөбекжай жұмысына жақсы лебіздерін білдірді.

Прокрутить вверх