Балбулак

2024 жылы  1-7 наурыз аралығында «46 «Балбұлақ» бөбекжайында  балаларға жақсы көңіл күй сыйлау, ананы

2024 жылы  1-7 наурыз аралығында «46 «Балбұлақ» бөбекжайында  балаларға жақсы көңіл күй сыйлау, ананы құрметтеу, қадірлеу және  отбасының жылуы ананың аялы алақаны екенін түсіндіру,  ананы  Отан –ана деп атаудың мағынасын түсіндіре отырып,  Отан сүйгіштікке, патриот  болуға  тәрбиелеу мақсатында «8- Наурыз аналар мерекесі»  атты  мерекелік ертеңгіліктер  өтті. Балалар аналарына, әжелеріне арнап  ойындар,  әндер,  билер  және  тақпақтар орындады. «Анамыздың  көмекшілеріміз», «Кім шапшаң», «Өз балаңды таны» сияқты қызықты ойындар мен қоса  «Әжелер» атты сахналық көріністерде аналардың көңілін көтерді. Барлық балалармен қоса ата-аналар ойындарға, сахналық қойлымдарға  белсене қатысып отырды, ал қонақтармен балалар сүйсіне қол соғып қошеметтеп отырды. Мереке соңында  топ тәрбиешілер   мерекелік шараны  аяқтай отырып қонақтар мен аналарды мерекелерімен құттықтап, балалардың қолымен жасалған   аналарына сыйлықтарын табыстады.

Прокрутить вверх