2023 жылдың 22-29 желтоқсаны аралығында бөбекжайымызда «Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Жаңа жылдық сценарий өте қызықты, әзілдермен, ойын, әсем әндер және билерге бай. Ән-саз жетекшісі: Корнеева Ольга Григорьевна және би жетекшісі Литау Виктория Александровна, сонымен қатар топ тәрбиешілеріне, мерекені жақсы ұйымдастырып, өткізгендеріне үлкен рақмет. Аяз ата рөлін сомдаған ата-ана мен тәрбиешілер: Магомедова С.Н., Ақшақар рөлін сомдағандар: Литау В.А., Муратова Д.А., Серикбаева Ж.Б. Ертегілер кейіпкерлерін сомдағандар: Ақоразова Э.С., Омельницкая Т.А., Ахмедьянова А.И., Елеусизова С.К., Шабалдас Е.Ю., Арықбаева А.І., Кобланова А.Р., және тағы да басқа бөбекжай қызметкерлері белсене қатысты. Керемет көңіл күй сыйлағандары үшін рақмет! Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жыл жақсы жаңалықтарымен келсін!





