Балбулак

20 маусым күні бөбекжай қабырғасында ата-аналармен балалар және бөбекжай арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту мақсатында консультациялық пункт жанынан “Жан жылуы – жүректен»

20 маусым күні бөбекжай қабырғасында ата-аналармен балалар және бөбекжай арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту мақсатында консультациялық пункт жанынан “Жан жылуы – жүректен» атты шара ұйымдастырылды.Шара барысында қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы байланысты тереңірек түсініп, өзара сенім мен қолдаудың маңызын сезінді. Кітаптан алынған қанатты сөздер оқылып, әрқайсысының астарлы мағынасы талқыланды. Бұл – ата-аналардың жүрегіне жол тауып, тәрбиедегі рухани байланысқа ой салды. Кейін ата-аналар балаларына арналған ашық хаттар жазып, жүрек сөздерін арнады. Бұл сәт көпшілікті тебірентіп, ата-ана мен бала арасындағы көрінбейтін жіптің қаншалықты нәзік те берік екенін көрсетті. Сонымен қатар, дене мүшелері байланған символикалық тренинг арқылы – баланы шектеудің кері әсері, еркін ойлау мен өзін-өзі танытуға кедергі келтіретіні түсіндірілді.
Шара жүректерге жылу сыйлап, ата-анамен баланың және бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығыздай түсті.

Прокрутить вверх