13- маусым күні «Жаз күн сәулесімен жылы» атты сурет галереясы мектепке дейінгі ересек топ балаларының қатысуымен ұйымдастырылды. Балалар түрлі-түсті суреттер арқылы жаз мезгілінің әсемдігін, көңілді демалысын және күннің шуағын бейнеледі. Әр туындыда балғын балалықтың қуанышы мен қиялы көрініс тапты.
Мақсаты:
– Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
– Жаз мезгілінің табиғи сұлулығын сурет арқылы жеткізуге баулу;
– Шығармашылық қабілетін дамыту, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастырушы: бейнелеу өнері жетекшісі Сельченкова Екатерина





