10-17 мамыр аралығында аралығында бөбекжайымызда балалардың алған білім-білік дағдыларын бекіту, тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым қатынасты бақылау, балалардың дамуының жеке ерекшеліктерін анықтау, педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру, өз қызметінің ерекшеліктерін (артықшылықтары мен кемшіліктерін) түсінуге мүмкіндік беретін рефлексия деңгейін арттыру, білім беру процесінің сапасын бағалау, тәрбиешіге уақытында консультациялық көмек көрсету, балалармен жұмысты жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар беру мақсатында ІІІ тоқсандық есеп беру оқу іс-әрекеттері өтті. Оқу іс-әрекеттері жоғары деңгейде өтті, ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!














