Талай бүлдіршіндерді тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер.
Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!






