Балбулак

1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мерекелік спорттық іс-шара барлық білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен

1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мерекелік спорттық іс-шара барлық білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен теңіз жағалауында ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілердің балалар күніне орай, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыра отырып балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту мақсатында өткен шараға бөбекжайымыздан №2 МАД тобының тәрбиеленушісі Меңдібай Сұлтан жетекшісі Ахмедьянова Анжела Ивановнамен қатысты. Шара соңында  Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің» ММ Алғыс хатымен  және « Respublica» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының Алғысымен марапаттады.

Прокрутить вверх