07-ақпан күні бөбекжайымызда халықауыз әдебиеті үлгілерін насихаттау, ұлттық мұрамызды кеңінен дәріптеу мақсатында “Ақжелкен” тобы тәрбиелушерімен “Әжемнің ертегісі” шарасы ұйымдастырылды. Шарамызға Талшын және Түрмеш әжелеріміз келіп, ертегілерін айтып, балаларға баталарын берді. Сондай-ақ бүлдіршіндеріміз әжелерімізге өлең жолдарын арнап, әндерін де қоса айтты. Тәрбиешісі: Уралбаева Туғанай Бакбергеновна


