Балбулак

«Салтын білген-саналы ел»

2024 жыл,  наурыздың 13 жұлдызында, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі мекеме қауымдастық  іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарының педагогтерінің шығармашылық әлеуеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу  мақсатында, қауымдастық топ жетекшісі, «Оқу –әдістемелік орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі мекеме әдіскері Жилгельдина Гулназия Сериковнаның ұйымдастыруымен офлайн форматта «Салтын білген-саналы ел» тақырыбында қалалық байқау өтті. Байқауға  Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 14-мектепке дейінгі  ұйым  қатысты. Аталған байқау «№59  С.Шапағатов атындағы бөбекжайы» базасында өтті. Байқауда салт дәстүрдің түрлерінен: Бесікке салу, Бәсіре, Ерулік, Жеті ата, Қыз сыйлау т.б. көріністерін көрсетті.

Байқау  нәтижесінде біздің   №46 «Балбұлақ» бөбекжайымыз  ІІ орын иеленіп дипломмен марапатталды.  Байқау өте жақсы өтті. Қатысушы әріптестерімізге үлкен алғыс айтамыз!

Прокрутить вверх