Балбулак

Педагогтердің кәсіби қарым-қатынасын, байланыстарын кеңейтіп, кәсіби   шығармашылық қызметке тарту,

Педагогтердің кәсіби қарым-қатынасын, байланыстарын кеңейтіп, кәсіби   шығармашылық қызметке тарту, озық  педагогикалық тәжірибе жинақтап, таратуға мүмкіндік беру, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі нысандары арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік жасау, білім беру жүйесінде заманауи жаңашыл-педагогтер туралы позитивті қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында  ағымдағы жылдың 23- қазан күні «МДҰ педагогтеріне әдістемелік қолдау жұмыстарына рефлексия жасау» тақырыбындағы облыстық, аудан, қалалық оқу-әдістемелік орталықтары жанындағы мобильді топтар  бірлескен отырысы  және «Ұйымдастырылған іс-әрекетін жоспарлаудың тиімді тәсілдері» жас педагогтерге арналған семинар (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жас мамандар үшін) өтті. Бұл шараларға бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы  Елеусизова Саида Казихановна » Online-дағы  тәрбие»  тақырыбында    жобасымен қатысса, ал бөбекжай әдіскері Кобланова Алима Реджеповна  мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне әдістемелік қолдау жұмыстары және кері байланыс жайында өз тәжірибесімен бөлісті.

      Шараға Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мобильді топ мүшелері және   қазақ тілі пәні мамандары бойынша жас педагогтер онлайн қатысты.

Прокрутить вверх