Балбулак

Педагогикалық әдеп туралы ақпарлама

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 15-і күні бөбекжай әдіскері А.Р.Кобланова «Педагогтің  кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» баяндамасын оқып, мекеме педагогтеріне педагогикалық әдеп қағидалары туралы мәлімет берді. 7 қағидатқа толықтай тоқтала отырып, педагогтің адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіретіндігін басып айтты.

Сондай-ақ кеңес барысында А.Р.Кобланова тәрбиешілерге түрлі жағдаяттық оқиғаларды мысал келтіре отырып, қызметкерлер ойын ортаға салды. Педагогикалық принцип, тактика, педагог толеранттылығы сияқты жалпылама қажетті ресурстармен де бөлісіп, баламен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлыққа тоқталды.

Прокрутить вверх