2024 жыл, наурыздың 15 жұлдызында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, қалалық қауымдастық топ жетекшісі, «Оқу –әдістемелік орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі мекеме әдіскері Жилгельдина Гулназия Сериковнаның ұйымдастыруымен офлайн форматта «Интелектуалдық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»
тақырыбындағы әдістемелік семинар №43 «Батыр» бөбекжайы аясында өтті.Семинарға бөбекжайымыздың тәрбиеші Даулетбаева Нурия Кожабаевна «Ойнаймыз да ойлаймыз, білімге терең бойлаймыз» тақырыбында МАД тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл семинарға қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтер қатысты.