Мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың қазан айының 07-жұлдызында, №56 «Жұлдыз» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға Маңғыстау облысынан Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы және Бейнеу ауданынан әдіскерлер қатысып, тренингтер, шебер-сыныптар өткізді. Байқауға Ақтау қаласынан бөбекжайымыздың әдіскері Кобланова Алима Реджеповна қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша бөбекжайымыздың әдіскері Кобланова Алима Реджеповна жүлделі І орынға ие болып, Республикаға жолдама алды.Сізге шығармашылық шың, толағай табыс тілей отырып, Республикадан жүлдеменен оралуға тілекшіміз! Жеңісіңіз құтты болсын!





