Балбулак

Бөбекжайымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арнап «Менің елім- Қазақстаным!»  тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?»

Бөбекжайымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арнап «Менің елім- Қазақстаным!»  тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуальды ойын түрінде  шара  ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастырып өткізгендер: ән-саз жетекшісі Корнеева О.Г.   және мектепалды даярлық топ тәрбиешілері. Ән-саз залында балалар Отан, туған жер туралы  ән салып, өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып жарысып, еліміздің рәміздері жайында айтып өтті. Елдің татулығы, бірлігі жайында әңгімеленді. Мереке соңында балаларға тәттілер таратылды.

   Тәуелсіздігіміз тұғырлы да мәңгі болсын! Балалардың балалық шағы бақытты да, қуанышты болсын!  

Прокрутить вверх