“Біртұтас тәрбие” ұлттық бағдарламасы негізінде бөбекжайымызда жергілікіті ақын, сазгер, қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Көмек Ыбырайұлымен “Отаныңды сүй, балам” әдеби іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: ұрпақ тәрбиесіне жанашыр жергілікті тұлғаларды насихаттау, тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Шара барысында балалар мен мамандар ақынның өлеңдерін оқып, балалар ұлттық ойын ойнап, ән айтып, ақынның батасын алумен аяқталды.Сондай-ақ бөбекжай басшысы Амангүл Джубатовна атынан алғыс хат берілді.



