«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыруда Ақтау қаласының жол картасы бойынша балабақшаларда «BabySkills – ерте кәсіптік бағдарлау» жобасын іске асыру, ерте жастан мамандыққа баулу, мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысшы мамандығына құрметі мен сүйіспешілігін арттыру мақсатында «BabySkills-2024» қалалық чемпионаты 2024 жыл 23-29 мамыр күндері «Оқушы Орталығы» КММ базасында өткізілді.
12 түрлі құзіреттілік бойынша ерте кәсіби сынамалар негізінде ерте кәсіптік бағдар берудегі озық жобаларды жүзеге асырудағы Чемпионатқа Ақтау қаласы бойынша 17 балабақшаның тәрбиеленушілері қатысты.
«BabySkills-2024» қалалық кәсіби шеберлік Чемпионатына 5-6 жастағы қатысушылары
1. «Киім дизайнері»
2. «Киіз өнері – Истинг»
3. «Сәндік-қолданбалы өнер – «Матаға сурет салу»
4. «Бисермен тоқу»
5. «Құрақ аппликациясы»
6. «Жас кәсіпкер»
7. «Визуалды мерчендайзинг және витринистика»
8. «3D –дизайнер»
9. «Ақпараттық технология»
10. «Электрмонтаждық жұмыстар»
11. «Сырлау және безендіру жұмыстары»
12. «Машина жасау технологиясы» құзіреттіліктер бойынша қатысып, кәсіпке баулу, танысу бағытындағы жаңа қадамдарын жасады.
Чемпионат құзіреттіліктері бойынша «Оқушы Орталығы» КММ қосымша білім беру педагогтары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандарынан құралған бас сарапшы, сарапшы-компатриот, сарапшы орынбасарлары кішкентай қатысушылардың жұмыстарын бағалады. «Babyskills-2024» қалалық кәсіби чемпионатының қорытындысы бойынша қатысушылар барлық құзіреттіліктер бойынша «Болашақтың маманы» Дипломы және медальонмен марапатталса, чемпионатқа ең көп қатысушыларды қамтамасыз еткен біздің «№46 «Балбұлақ» бөбекжайы» командасы «Үздік команда» кубогін иеленді.
Бөбекжай басшысы А.Д.Оразова Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Алғысымен марапатталды.
Осылайша кішкентай бүлдіршіндер өз саласының білікті маманы болуға бүгіннен бастап келешекке бір қадам жасады.














